FlyArystan Астана - Баку бағытында тікелей рейсті іске қосады

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. FlyArystan маршруттар желісінде Астана - Баку - Астана жаңа бағыты іске қосады, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Рейстер 2 маусымнан бастап дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Әуе компаниясының хабарлауынша, халықаралық рейстерге тарифтің құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін. Қызмет ақысы қосымша алынады.