АСТАНА, 15 наурыз - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Октярь ауылында 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Марқұмның денесінде соққының іздері болған. Полиция ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады.
"Күдіктілер ұсталды. Олар кәмелетке толмаған 17 жастағы екі жасөспірім. Полиция "Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп мәлімдеді полиция.