Путин биыл Қазақстанға келеді

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин және Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Алексей Бородавкинмен әңгімелесу барысында президент Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарын және биыл күзде Қостанайда өтетін XIX өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің маңызды екенін айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Чжан Сяомен кездесуде президент биыл мамыр айында Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия + Қытай" саммитінің және ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.
Сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтудің маңызды екені айтылды.
Мемлекет басшысы Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Украинаға қатысты жағдайды саяси тұрғыда реттеу жөніндегі бітімгершілік әрекетіне жоғары баға берді.