АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қарағандыда аудан әкімінің орынбасарына алаяқтық, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып тағылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі
Шенеунік бөлім басшысын "Б" есімді азаматтан прокуратура қызметкерлері 400 000 теңге ақшалай көмек көрсетуді сұрады" деп айтып, сол ақшаны алып келуге жұмсайды.
"Бөлім басшысы Б.-мен көлікте кездесіп, 400 000 теңге қолма-қол ақша салынған конвертті алады. Тапсырма бойынша бұл ақша аудан әкімінің орынбасарына әкеп берілуі керек болған", - деп жазылған сот хабарламасында.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ сот тергеуі барысында алынған дәлелдермен анықталды.
Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойына айырылды және 4 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Іс татуластыру өндірісінде қаралды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.