Қаңтар оқиғасы: алматылық кәсіпкерлердің шығыны өтелді

Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Алматы облысының кәсіпкерлеріне 100 миллион теңге өтелді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті мен "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасына шағын және орта кәсіпкерлерден шағымдар түскен.
"Қаңтар оқиғасында зардап шегіп, 100 млн теңге көлемінде материалдық залалды өндіре алмаған шағын және орта бизнес өкілдері шағымданды. Олар әкімшілік кедергілерге тап болғандарын айтты", - дейді антикор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлік кәсіпкерлер палатасы мүдделі тараптармен кездесу ұйымдастырған. Кесдесу нәтижесі бойынша кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалып, шығындары толықтай өтелген.