Латвияда абақтыға жабылған Марат Касем хикаясы

Sputnik
Sputnik радиосының жүргізушісі Марат Касем 5 қаңтардан бері Латвияда түрмеде отыр. Ол күні кеше 33 жасқа толды
Марат Касемнің туған күніне бірнеше күн қалғанда Латвия билігі оны қамауға алу мерзімін тағы екі айға ұзартты.
Белгілі блогер Дмитрий Goblin Пучков Латвия билігі Касемді басты мемлекеттік қылмыскер ретінде көрсеткенімен, бірақ оларда мұндай айып тағылған басқа ешкім жоқ екенін айтты:
"Ел ішіндегі барлық өзгеше ойлайтын адамдарды мықтап басып-жаншып жатыр. Бүкіл ел арнайы қызметтердің қыспағында тұр. Мұндай демократия кезінде аузыңды ашып, ой білдіре алмайсың".
Марат Қасем Латвия азаматы болғанымен, соңғы уақытта ол Мәскеуде тұрып, осы қалада жұмыс істеді. Яғнии, Латвия билігінің қолы жетпейтін қашықтықта болды.
2022 жылдың 30 желтоқсанында Марат Касем өлім аузында жатқан әжесіне еліне келді. Бірнеше күннен кейін Касем ұсталды, ал 5 қаңтарда қамауға алынып, Рига орталық түрмесіне ауыстырылды.
Журналист Еуроодақтың Ресей Федерациясына салған экономикалық санкцияларын бұзды деген күдікке ілінді.
17 қаңтарда Марат Касемнің әжесі қайтыс болды. Бірақ ол оның өмірінің соңғы сәтінде қасында бола алмады. Немересінің қамауға алынуы қарияның жағғдайы нашарлаына ебеп болды дейді. Марат Касемнің әжесі түрменің не екенін жақсы білетін: ол бала кезінде Саласпилс фашистік концлагерінде болған. Оны жерлеу алдында Марат Касемге әжесін ақтық сапарға шығарып салуға мүмкіндік берді.
Ресей Марат Касемнің ісімен белсене айналысып жатыр, ол Ресей сыртқы істер министрлігінің бақылауында. Бірақ Касемнің Латвия азаматы екені жағдайды қиындап тұр. Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко де журналистің қамауда отырғаны туралы бірнеше рет пікір білдірген болатын.
"Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев бұл оқиға 2018 жылы ұсталған Кирилл Вышинскийдің сотталуына ұқсас екенін айтты. Вышинский алмасу аясында 2019 жылы ғана босатылды.
Ресей омбудсмені Татьяна Москалькова БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарына, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкіліне және Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі комиссарына журналистің ұсталуына байланысты жағдайға араласу туралы өтінішпен жүгінді. Бірақ олар бұл мәселеге қатысты әлі қандай да бір шара қабылдап жатқан жоқ.
Марат Қасем өзін барынша батыл ұстауға, мойымауға тырысып, достарына оптимистік сипаттағы хаттар жолдады. Бірақ ол қамауға алынған алғашқы аптада 8 келіге арықтағанын айтты.

Марат Қасем: "Менің бүкіл өмірім – кездейсоқтықтар тізбегі"

Түрмеде журналист өзінің өмірбаяны туралы жазды, бұл шығарма РИА Новости ақпарат агенттігінде жарияланды. Осы биографиялық шығармадан үзінді келтірсек:
"Мен дүниеге кездейсоқ келдім десем де болады. Бұл ата-анамның романтикалық хикаясы.
Менің әкем Йемен арабы. Ол теңізші және 80-жылдардың аяғында кеңестік Ригадағы әскери базада тәжірибе алмасу бойынша қызмет атқарған. Бірде би кезінде ол анаммен танысып, араларында сезім пайда болады.
Әкемнің кететін уақыты таяғнда, анам оны Мәскеуге шығарып салу үшін онымен бірге келеді. Өйткені Ригадан Йемен астанасы Санаға рейс болмаған. Осы қоштасу күнінде менің дүниеге келуім бұйырған екен.
Мені туғаннан кейін анам осы туралы әкеме хат жазды. Бірақ Йеменде соғыс болып жатқан, ал әкем әскери адам болғандықтан, соғыс қимылдарына қатысқан және сол кезде оның ауылы өртеніп кеткен. Сондықтан біз онымен ешқандай байланыса алмадық. Бірде ол күтпеген жерден телефон соғып, ұлы бар екенін білді, бірақ бұл байланыс қайта үзіліп қалды.
Араға он жыл салып, әкемнің ауылы қалпына келтіріліп, бір күні ол қандай да бір құжаттарды іздеп ауылына келген. Құжаттар легі жиналатын ауыл мешітінде оған Латвиядан келген хаттар жинағын берген. Ол хаттарда біздің үйдің телефон нөмірі жазылған. Әкем қоңырау шалды.
Телефонды көтергенімде, "Бұл сенің әкең, сәлем! Телефонды анаңа бер, мен онымен сөйлесіп, бәрін түсіндіргім келеді" деген сөздерді естідім. Бірақ мен бұл енді мүмкін емес екенін, себебі анам бақилық болғанын айтты. Ол он минуттай уақыт жылап тұрды.
Анам мен 11 жасымда жазылмайтын аурудан қайтыс болды. Ол трикотаж фабрикасында жұмыс істеді. 12 сағаттан астам ауысымдық жұмыс оны жертке шалдықтырды. Анам Рига политехникалық институтын экономист мамандығы бойынша бітіргенімен, сол шақта Кеңес Одағының ыдырап, ол азаматтығы жоқ деген төлқұжат алып, әрі латыш тілін жақсы білмеуіне байланысты ол трикотаж фабрикасында жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Осыдан кейін Марат атасы мен әжесінің қолында өсті.

Әкесімен алғашқы кездесуі туралы

"Әкем екеуміз алғаш рет 16 жасымда кездестік. Ол Йеменде әлі соғыс жүріп жатқандықтан, мені Дубайға қонаққа шақырды.
Онымен алғашқы рет кездескен сәт есімде өте жақсы сақталды. Есік қағылған соң, арнайы саңылаудан қарасам – әкем тұр. Ал менде кенет қобалжу сезімі пайда болды. Себебі тап қазір жаңа өмір басталғалы тұрды.
Есікті ақырындап айқара ашып, екеуміз құшақтастық. Әкем жылады, мен есеңгіреп тұрдым.
Біз екеуміз сөйлестік. Ол бірден маған әкеден гөрі дос болғысы келетінін айтты. Расымен де, біз достық қарым-қатынаста болдық. Екеуміз кез келген нәрсені талқылай аламыз.
Мен ата-анамды тек суретте ғана бірге көрдім. Өмірімнің бір бөлігін анаммен, екінші бөлігін әкеммен өткізіп жатырмын".
Өз арманы туралы:
"Егер байып кетсем, автобусым сатып аламын. Сосын Ригадан Саласпилске дейін және кері қарай адамдарды тегін тасымалдаймын. Мен билеттер өз қолтаңбамды қойып, тегін таратамын".