Дүниежүзілік жол қауымдастығының ұлттық комитеті құрылады

Роман Скляр Қазақстанда жол инфрақұрылымын дамыту және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін арттыру шаралары туралы айтып берді
Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Елордада Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр Дүниежүзілік жол қауымдастығының (ПИАРК) президенті Назир Аллимен және ПИАРК бас хатшысының орынбасары Робин Себилльмен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Назир Алли кездесуде Қазақстанның ұйымға қосылуы 1200-ден астам халықаралық сарапшылардың қатысуымен техникалық комитеттерде дайындалатын жолдарға, инженерлік құрылымдарға, көлік қозғалысына қатысты заманауи техникалық әзірлемелер мен салалық құжаттамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.
Тараптар Қазақстанда Дүниежүзілік жол қауымдастығының Ұлттық комитетін құруға келісті.
Қазақстан қазан айында Прагада өтетін Дүниежүзілік жол конгрессіне қатысады.
Қазақстан халықаралық қауымдастыққа өткен жылдың қараша айында мүше болды.
Бас прокуратура жол салу кезінде миллиардтаған қаржы жымқырылғанын мәлімдеді