Батыс Қазақстанда 240 адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған

Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жағдай күрделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі жағдай бойынша 51 үйді су басты: 45-і Батыс Қазақстан облысының аумағында, қалған алтауы Ақтөбе облысында. 240-тан астам адам эвакуацияланды", - деді Ильин үкімет кулуарында.
ТЖМ ақпаратынша, 20-дан астам адам уақытша эвакуация пунктінде орналасқан, қалғандары туысқандарын паналаған.
Министр жағдайды бақылау жұмысы жалғасып жатқанын айтты. Бұған дейін 26 жол жабынын су шайып кетсе, оның 13-і тоқтатылған.
Ильин бұл өңірлерде құтқарушылар тобы ТЖМ тарапынан ғана емес, жергілікті атқарушы органдар тарапынан да ұлғайтылатынын мәлімдеді.
Қоржын ауылының 16 тұрғыны тікұшақпен эвакуцияланды