АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Қалалық аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.