Фото

Үндістанда Холи мерекесі қалай өтті – фото

Үндістанда көктемнің келуі жарқын және көңілді Холи мерекесімен аталып өтеді
Sputnik
Холи тек Үндістанда ғана емес, Шри-Ланкада, Непалда, Бангладеште де ең сүйікті мерекелердің бірі. Ол сондай-ақ үлкен үнді диаспорасы бар Оңтүстік Африка, Тринидад, Ұлыбритания, АҚШ, Суринам, Гайана, Маврикий және Фиджи сынды елдерде танымал.
Холидің мейрамы кезінде зұлымдықты жеңуді білдіретін тұлыпты өртеп, оттың үстінен секіреді. Бұл мерекелік дәстүрлер славяндардың Масленицасына ұқсас және басқа халықтардың мерекелерінде осы тектес салт-жоралғы кездесіп жатады.
Холи кезіндегі көңілді дәстүрлерінің бірі – адамдар бір-біріне бақыт пен бар жақсылықты тілеп, көктемнің ең жарқын реңктерін сипаттайтын түрлі-түсті ұнтақ бояуларды бір-біріне шашады. Көктем мерекесінің қалай тойланғанын суреттер топтамасынан көріңіздер!
1 / 10

Холи – көктем келген кезде бүкіл Үндістанда тойланатын ең маңызды және қуанышқа толы мерекелердің бірі.

2 / 10

Холли қатысушылары бір-біріне шашатын түрлі-түсті ұнтақтары ним, халди, кумкум, билва, куркума сынды емдік шөп ұнтақтарынан тұрады.

3 / 10

Үндістанда Холиге дайындық бірнеше апта бұрын басталады.

4 / 10

Осы кезеңде ауылдарда Кіші Холи секілді шағын мерекелер өткізіледі. Оның барысында рәсім-жоралғы ойындары, мерекелік концерттер өтеді, мерекелік отқа арналған құрғақ ағаштар жиналады.

5 / 10

Холи әсіресе елдің солтүстігінде салтанатты түрде тойланады. Мұнда барлық жерде қанық түсті әртүрлі әшекейлер ілінеді.

6 / 10

Холи кешінде от жағылады. Үнді нанымдарына сәйкес, от жалыны қыстың суық ызғарын және зұлым рухтарды аластауға көмектеседі.

7 / 10

Холи бүкіл Үндістанда танымал болғанымен, бұл мерекені әр аймақта әртүрлі атап өтеді. Мысалы, елдің орталық бөлігінде үйлер мен ғимараттардың шатырына шағын шамдар орнатылып, оттың белгісі ретінде қызғылт сары түсті жалаулар ілінеді. Себебі "холи" сөзі "жану" дегенді білдіреді.

8 / 10

Холи - үнділердің үш күн тойланатын Жаңа жыл мерекесі.

9 / 10

Мереке күні айдың толысу күніне байланысты өзгереді.

10 / 10

Үндістандағы Холи мерекесі түрлі жастағы және түрлі дін ұстанатын адамдарды біріктіреді. Оған индуизмді ұстанушылар ғана емес, сикхтер, джайндар, басқа да дін өкілдері қатысады.