Өңірлер

Шығыс Қазақстанда республикалық тас жол жабылды

Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында республикалық тас жолдың учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
"Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов" тас жолының Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жол қар көшкінін түсіру бойынша профилактикалық жұмыстарға байланысты жабылған.