АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қостанайда пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
12 наурызда түстен кейін Зеленая көшесіндегі 25 үйдің пәтерінен қарт әйелдің денесі табылған. Полицияға әйелдің қайтыс болғаны туралы көршілері хабарлаған.
"Оқиға орнына жеделтергеу топтары, Қостанай полиция басшылығы, криминалистер, кинологтар келді. Полиция әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Қаланың 23 жастағы тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство.