Әуезов пен Байтұрсыновтың мерейтойына арналған коллекциялық монеталар сатуға шығарылады

Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik.Ұлттық банк 14 наурыздан бастап "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL және AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталарын шығарады. Олар қаржы институтының интернет-дүкені арқылы сатылады.
MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары:
– номиналы 500 теңгелік күміс монеталарының массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы 2 000 дана;
Күмістен соғылған монета
Күмістен жасалған монеталардың бейнесі
– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.
Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі
AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары:
– номиналы 500 теңгелік күміс монеталардың массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы – 2 000 дана;
Күмістен жасалған монеталардың бейнесі
– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.