Түркістан облысы тұрғындарынан 50-ден астам тіркелмеген қару тәркіленді

Sputnik
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен басқа да мүдделі сала қызметкерлері бірлесіп, "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 50-ден астам тіркелмеген қару алынып, 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Нақтырақ айтсақ, рейдтік жұмыстардың 10 тәулігінде полицейлер заңсыз айналымнан 37 аңшы мылтығы, 6 газды тапанша, 7 шолақ және 1 ойық мылтық тәркілеп алды. Сондай-ақ, іс-шара барысында тәртіп сақшыларының назары азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен тіркеуге байланысты ережелердің сақталуына аударылды.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері 7 168 қару иесін тексеріп, 405 құқық бұзушылықты анықтады.