Денсаулық

Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 58 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын 82 адам коронавирус жұқтырған болатын.
12 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 783 адам коронавирус инфекциясынан (–1 604+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 653 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
2 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.