Өңірлер

Алматы тұрғыны өз үйінде марихуана өсірген

Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Алматыда өз үйінде марихуана өсірген ер адам ұсталды.
Күдікті Тоқтаров көшесіндегі үйінде марихуана өсірумен айналысқан.
Техникалық нормаларға сай өсірілген 16 түп марихуана, өндірісте қолданылатын құрал-жабдық тәркіленді.
Сонымен қатар үйдің ас бөлмесінен 5,45 мм және 7,62 мм калибрлі екі патрон табылды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды