Өңірлер

Павлодар тұрғынының автокөлігінен 5 қап балық табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 наурыз - Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны 149 келі балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция Жұмыскер ауылдық округінде Mitsubishi Montero автокөлігін тоқтатқан. Көліктің салонынан 5 қап мөңке балығы табылды. Жалпы салмағы – 149 келі. Ер адамның балық аулауға рұқсат құжаттары жоқ болып шықты.
Анықталғандай, балық Қарасор көлінен ауланған.
Балықшыға "Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Берлиндегі қонақүйде 16 метрлік аквариум жарылып, 1 500 балық көшеге шашылды