Денсаулық

Өткен тәулікте 82 адамнан коронавирус табылды

Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте 82 адам коронавирус жұқтырып, 3 адам ковидтік пневмонияға шалдықты, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 752 адам коронавирус инфекциясынан (–1 573+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 622 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
2 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.