АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Оралда медицина колледжінің 140 студенті жатақханадан кетуге мәжбүр болды. Себебі жатақхананың жертөлесі суға толып қалған.
Студенттер уақытша таныстары мен туыстарын паналады, кейбіреулерін мұғалімдер өз үйіне алып кеткен.
Жертөледе барлық қосалқы қызмет, соның ішінде электр қалқаны орналасқан. Сондықтан да ғимараттағы жарық сөндірілді, деп хабарлайды "Уральская неделя".
"Унитаздардан күні бойы субұрқақ сияқты су атқылап жатыр. Біз суды сорып үлгермей жатырмыз", - деді жатақхананы басқаратын "Хайрекешева" ЖК өкілі.
Жатақхана 2020 жылы салынған.