Өңірлер

Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдарында карантин жарияланды

Үш облыста малдың жұқпалы ауруы анықталған
Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында Аққайнар, Шыңғыстай және Жаңа Үлгі ауылдарында ұсақ малдан қорасан ауруы анықталды. Салдарынан елді мекендерде карантин жарияланды, деп хабарлайды Eldala.kz.
Карантин Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округіндегі "Бопы" қыстауының аумағында да жарияланды. Бұл жерде ірі қара мал арасында эмфизематозды карбункул өршіген. Бұл індетке шалдыққан ірі қара аяқтары ақсап жүре алмай, ісініп, бірден өліп кетеді.
Сондай-ақ Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы Сатай ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу шаралары енгізіледі.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың басталғаны туралы хабарлаған болатын. Ауыл шаруашылығы жануарларын көктемде вакциналауға 66 млн доза препарат бөлінген.