Астанада ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен – оқиғаның видеосы жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Астананың сол жағалауында ер адамды соққыға жығып, тонаған сәт видеоға түсіп қалды.
"102 арнасына 26 жастағы азаматтан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз жігіттердің ұрып-соғып, Redmi ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен", - деп хабарлады Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жас жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Қасүнемдер қазір қамауда отыр.
Ұялы телефон тәркіленді, қаскүнемдер оны кепілге қалдырып, сатып жіберген.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.