Өңірлер

Ақтөбелік құтқарушылар су деңгейі көтерілген өзеннен сиырлар мен жылқыларды шығарды

Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Темір ауданында Ойыл өзенінің деңгейі көтеріліп кетіп, малға қауіп төндірді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өзеннен 110 сиыр мен бұқа, 12 жылқы құтқарылды. Бұқашықтардың бір бөлігі қайықпен тасымалданған.
"10 наурызда Ақтөбе облысы ТЖД 112 пультіне Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округінен 6 шақырым жерде "Дәулет" шаруашылығына тиесілі бір үйір жылқы мен бір табын сиыр Ойыл өзенінің ортасында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деді ТЖД.
Оқиға орнында құтқарушылар, техниктер мен моторлы қайық жұмыс істеді.
Барлық үй жануары қауіпсіз жерге жеткізілді.