АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Алматы прокуратурасы суицидтің алдын алған полицейлерді марапаттады.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, оқиға 8 наурызда болған.
Алматының Түрксіб аудандық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, аға инспекторлар Санжар Әбдірайымов пен Құдайберген Тоғжанов өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалған.
Анықталғандай, ер адам жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған. Ол көпір қоршауынан қолымен ұстап, ілініп тұрған. Полицейлер жол қозғалысын тоқтатып, көпірдің астына жүк көлігін айдап әкелді. Осылайша суицид жасамақ болған адамның өмірін сақтап қалған.
Түрксіб ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, оларға қол сағат сыйлады.