АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ наурызда Ақтау порты арқылы Қашаған кен орнынан экспортқа 7 мың тонна мұнайды жөнелтуді жоспарлап отыр.
"ҚазТрансОйл" АҚ наурыз айында Ақтау порты арқылы Қашаған кен орнынан Баку порты бағытында одан әрі жеткізу үшін экспортқа 7 мың тонна мұнайды сынақ ретінде өткізуді жоспарлап отыр. Қашаған мұнайын INPEX North Caspian Sea, Ltd. жөнелтеді", - деп жазылған компанияның хабарламасында.
"ҚазТрансОйл" АҚ – магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді.

INPEX North Caspian Sea, Ltd. компаниясы1998 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Каспийдегі өнімдерді бөлу туралы келісім шеңберінде жоба серіктестерімен бірге Қашаған және басқа да мұнай кен орындарын игеруге қатысып келеді.