АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Ғұбашев жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Қайғылы оқиға бүгін, 10 наурыз таңертең болған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, жедел жәрдемге хабар 9:48-де түскен. 1968 жылғы ер адам жұмыста кенеттен өзін жайсыз сезінген. Жедел жәрдемді шақырған адамның айтуынша, ер адам даусы қырылдап, ес-түссіз құлаған.
БҚО полиция департаменті ақпаратты растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері байқалмайды.
Кеше Түркістан облысының 58 жастағы прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болғаны хабарланған болатын.