АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында салынып жатқан Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығына барды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
350 төсек-орынға арналған ғылыми орталықтың құрылысын 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. Стационардан басқа, онда ғылыми-зерттеу және оқу орталықтары, зертханалар, медициналық университеттердің кафедралары және т. б. орналасады.
Әлихан Смайылов Алматыда салынып жатқан Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығына барды
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Премьер-министр ДДҰ мәліметі бойынша жыл сайын 2 млрд адам жұқпалы аурулармен ауырып, 50 млн-нан астам адам қайтыс болатынын айтты.
"Орталықтың ашылуы туберкулезден ғана емес, жалпы басқа да жұқпалы аурулардан, оның ішінде аса қауіпті аурулардан болатын сырқаттану мен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді. Алматы әкімдігі орталықты ашу мәселесін ерекше бақылауда ұстауы қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов Алматыда салынып жатқан Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығына барды
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Одан кейін премьер-министр қайырымдылық бастамасы аясында салынған "CHAMPION" жаңа спорт кешеніне барды. Онда бассейн, ойын және спорт залдары, бес фитнес аймақ, кафе және т.б. бар. Спорт кешені күніне 700 адамға дейін қызмет көрсете алады.
Жоба әртүрлі форматтағы жаттығулар мен жарыстарды өткізу, сондай-ақ ниет білдірушілердің барлығына, әсіресе, әлеуметтік осал топтағы балаларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік беру үшін іске асырылды.
Әлихан Смайылов мұндай әлеуметтік жобаларға жеке инвестициялар тарту аса маңызды екенін атап өтті, өйткені бұл Алматыны салауатты өмір салтын ұстанатын қала ретінде нығайтуға үлес қосады.