Қоғам

Жұмысшыларға 1,7 млрд теңге қарыз болып қалған: кәсіпорындар жалақы берешегін өтеді

Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғады. Оларға 1,3 миллиард теңге жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 175 кәсіпорынның 10 мың жұмысшының алдында 1,7 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешегі барын анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
"Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді", - делінген хабарламада.
Қоғам
Кәсіпорындар жұмысшыларға 1,5 млрд теңге қарыз болып қалған