АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы тізімге енгізілмей қалған сайлаушыларға өз учаскесін қалай табуға болатыны және не істеу керектігі туралы айтты.
Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін әкімдіктер жеке тұлғалардың мемлекеттік базасы негізінде жасайды, деді орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Оның айтуынша, азаматтар көбінесе сайлаушылар тізімінде өздерін тексеру үшін уақтылы шаралар қабылдамайды және дауыс беру күні сайлаушылар тізіміне енгізуді сұрайды.
Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, ішкі істер министрлігімен бірлесіп, алдағы сайлау науқанына екі онлайн-сервистің жұмысы бойынша бірлескен актілерді дайындады:
"Электронды үкімет" порталында азаматтарды тіркеу орны бойынша мәліметтерді тексеру;
сайлау учаскелерінің (ОСК, ЦДИАӨМ, ІІМ) мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу.
Өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесінің шекарасындағы аумақта тұрақты тіркелгені туралы мәліметтер расталған кезде учаскелік сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды. Керісінше жағдайда сайлаушылар тізіміне енгізуден бас тарту туралы дәлелді шешім қабылданады және өтініш берушіге оның көшірмесі беріледі.
Бұл сервис 4 055 сайлау учаскесінде қолжетімді болады.
Сондай ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған және бұрын сайлаушылар тізіміне енгізілмеген азаматтардың сайлау құқығын іске асыру мақсатында сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша үй-жайда уақытша тіркеуге жол беріледі. Мұндай мүмкіндік республика бойынша 188 учаскеде ұсынылған.