Астанада заңсыз криптовалюта айырбастау орнын ұйымдастырғандар ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстанның үш азаматы криптовалюта айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді заңсыз айырбастады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Бұл азаматтар 2021 жылдан 2023 жылға дейін заңсыз криптовалюта айырбастаумен айналысқан, деп хабарлады агенттіктегілер.
"Криптоайырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 мың АҚШ доллары мен 7 миллион теңге көлеміндегі ақша тәркіленді. Binance платформасында уақытша шектеу қойылған екі криптоәмияндағы 23 мың долларға жуық соманы құрайтын криптоактив анықталды", - деп хабарлады ведомство мамандары.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, криптоәмияндардың алдын ала жалпы айналымы шамамен 34 миллион долларды құрады.
Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.