Отбасы банкте ақшаның жартысын әйелдер жинаған

Sputnik
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Отбасы банкінде барлық жинақтың тең жартысы әйелдерге тиесілі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Әйелдер барлығы 1 триллионнан астам теңге жинаған. Бұл - барлық жинақтың жартысы. Бұдан бөлек, 1,5 млн депозит немесе барлық жинақтаушы шоттардың 68 пайызын да әйелдер ашқан.
Ал депозиттегі максималды сома 50 миллион теңгеден асады. Статистикаға сәйкес, баспана алу үшін нәзік жандыларға 6-10 жыл көлемінде ақша жинау жеткілікті.
Ақшаны көп жинайтын әйелдердің басым бөлігі Алматы, Астана және Шымкентте тұрады.