АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Халықаралық әйелдер күніне орай Астанаға келген және ұшып кеткен қыз-келіншектерге елорда әуежайында тосынсый жасалды.
Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы 11 мың қызғалдақ сыйланған.
"Әуежайда 2200 адам жұмыс істейді, оның ішінде 860-қа жуық әйел бар. Әуе айлағына күнделікті 10 мыңнан астам жолаушы келіп кетеді, олардың жартысы нәзік жандар", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуежай ғимаратында сонымен қатар "Менің анам әуежайда жұмыс істейді" атты балалар суреті көрмесі ұйымдастырылды. Оған 50-ге жуық бала қатысты.