Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 70-тен аса мектеп салынады

Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға жетпістен аса мектеп салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажетті құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады", - деді Бейсембаев үкімет кулуарында.
Министр жаңа мектептер әрбір өңірде салынатынын атап өтті. Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге білім беруді қолдау қорына түскенін хабарлаған еді.