АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл мектебінде жараланған оқушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Балалардың бәрі ауруханадан шығарылды. Жағдайы орташа. Дәрігерлік-консультациялық комиссия үйде оқытуды ұсынды. Мәселе тұрақты бақылауда", - деді Сапаров үкімет отырысында.
Петропавл мектебіндегі жағдай 13 ақпан күні таңертең Петропавл қаласындағы 4-орта мектепте төтенше жағдай болды. 9-сынып оқушысы мектепке балта алып келіп, құрдастарын жарақаттаған.
Жасөспірімнің сөмкесінде асханалық балта, пышақ және қолдан жасалған маска болған. Ол 2-ші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп, 10-шы сынып оқушысының басынан 2 рет ұрып, одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығына бір рет және басына екі рет ұрған және 9-шы сынып оқушысының басынан бір рет ұрған.
Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған. Зардап шеккен екі оқушы ауруханаға түсті. Үшінші оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Анықталғандай, құрдастарын жарақаттаған 9-сынып оқушысының психикалық ауытқуы болған.