АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Павлодарда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына тұрғындар хабарласқан. Олар Бұқар Жырау көшесінде үйдің ауласында орналасқан қоқыс жәшігінде нәрестенің мәйіті жатқанын айтқан.
"Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері барды. Дәрігерлердің айтуынша, 6 айлық болып туған", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.