Италияда екі ұшақ бір-бірімен соқтығысты: ұшқыштар қаза болды

Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Италия әуе күштерінің оқу-жаттығуы кезінде екі ұшақ бір-бірімен соқтығысты. Екі ұшқыш та сол жерде қаза болды, деп хабарлады РИА Новости Corriere della Sera басылымына сілтеме жасап.
Ал жаттығуға қатысқан тағы екі ұшақ әскери базаға аман-есен оралды.
"Ұшақтар бірдей маневр жасау кезінде соғылды. Соғылған ұшақтың бірі ғимаратқа құлады. Ал екінші ұшақ егістікке құлаған", - деп жазылған басылымда.
Оқиға Италия астанасынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, әскери аэродром орналасқан Гуидония-Монтечелло қалашығында болды.
Басылым апат болған жерде құтқарушылар мен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қоғам
Алматы маңындағы апат: қаза тапқан ұшқыштың отбасына 4 млн теңге төленеді