АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады Ақ Жайық.
Оқиға Бейнеу-Кульсары-Доссор бағытындағы жолда болған. Ақтаудан Атырауға бет алған Toyota Land Сruiser жол талғамайтын көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен. Көлік жолдың шетіне шығып, аударылған. Жол апатынан жүргізуші көз жұмды.
"Алдын ала болжам бойынша жүргізуші рөлде ұйықтап қалған. Қазіргі уақытта "Жүргізушінің адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.