АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Астана қаласында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 30 мыңға жуық адам біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, Халықаралық әйелдер күніне орай елордада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, соның ішінде аз қамтылғандаа, барлығы 30 мың адамға 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.
"Төлем Астана қаласы бойынша "Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы" филиалының, "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының тізімдері негізінде жүргізіледі", - делінген ресми хабарламада.