Астана – Алматы бағытында ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыз жолға шықты

Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелікТальго жолға шықты, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго жолға шықты
6 наурызда елордалық вокзалдан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.
Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго жолға шықты
Құрам вагондары этностильде безендірілген. Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді.
Тальго этнопойызы – "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.