Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан туралы кинотуынды жарыққа шықты

Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. 5 наурыз – ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні. Алаш көшбасшысының дүниеге келгеніне биыл – 157 жыл, деп хабарлайды "Хабар 24".
Әлихан Бөкейханның еңбегін, ісін зерттеп кейінгіге жеткізіп жүргендер көп. Солардың бірі Әлиханның шырақшысы атанған – Тұңғышбай ақсақал. Бүгін "Әлихан Бөкейхан – ұлт азаттық күрескері" атты танымдық-деректі фильмін көрермен назарына ұсынды.

Күні кеше "Әлихан Бөкейхан – ұлт азаттық күрескері" атты танымдық-деректі фильмін көрермен назарына ұсынды.
Фильм ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның қайсар мінезді қайраткерлігін, осы жолда көрген қиындықтарын, күресін нақты дәлелдермен көрсеткен. Өлкетанушы әрі туынды авторы Тұңғышбай Мұқанның айтуынша, бұл туындының ерекшелігі, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтарының тірі кезінде өз ауыздарынан жазылған деректерден құралған.

"Мәселен, фильмде Әлиханның туған немересі Евгений, туған шөбересі Петр бар. Міржақыптың қызы Гүлнәр, Жүсіпбектің қызы Муза сол конференцияға қатысқан. Сол сияқты Ермеков Әлімханның баласы Мағауия және, ең бастысы, мынау Бөкейхановтар әулетінің, соның ішінде Әлиханның өзімен бірге інісі, бауыры Смаханның 2 бірдей баласы – Балабаршын мен Айсәуле түскен. Қазірдің олардың бәрі де өмірде жоқ", - дейді фильм авторы, өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан
Әлихан Бөкейхан ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің қазақ жеріне жіберген экспедициялардың құрамында жүріп, көп жағдайға қанықты. Сондағы шолғыншылардың мақсатын түсінді. 1-ші мемелкеттік думаға депутат болып та сайланды. Бірақ патша шабармандары қудалап, дума жұмысына қатыс алмады. Дегенмен түбінде Алашорда үкіметінің негізін қалады. Ұлт көсемі қазақтың білімді, білікті қайрактерлерін жанына топтастыра алды.