Тоқаев пен Путин көлік-транзит бағдарларын кеңейту мәселесін талқылады

Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.
Зеленский Тоқаевқа қоңырау шалды