АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 34 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын 38 адамнан коронавирус табылған болатын.
6 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 717 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
2 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.