Фото

ХІХ ғасырдағы жантүршігерлік 10 теміржол апаты – фото

Пойыз ең қауіпсіз көліктің бірі болып саналғанымен, бұл әрдайым ақиқат бола бермейді. Бүгінгі топтамада көп адам құрбан болған ең ауқымды теміржол апаттары туралы суреттер жинақталды
Sputnik
Осы жылдың басында екі ірі теміржол апаты болды: оның бірі АҚШ-та, Огайо штатының шекарасында тіркелді. Бұл жерде улылығы жоғары химикаттар тиелген жүк пойызы рельстен шығып кетті. Ал екіншісі жақында Грекияда болды.
Кейде мұндай жантүршігерлік жазатайым оқиғалар ақылға қонымсыз сәйкестіктер салдарынан болады. Кейде айналып өте алмайтын кездейсоқтық тізбегі апатқа әкелген сияқты көрінеді. Бұл туралы толығырақ Sputnik суреттер топтамасынан көріңіздер.
1 / 10

2023 жылдың 1 наурызында түн ортасы шамасында Афина мен Салоники арасында Лариса қаласына жақын жерде бір жолда келе жатқан жүк және жолаушылар пойызы бетпе-бет соқтығысты. Кемінде 36 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды. Екі пойыздың рельстен шығып кеткені үшін қамауға алынған Лариса қаласы вокзалының басшысы өз қателігін мойындап, жолаушылар пойызын жүк пойызы келе жатқан жолмен жөнелткенін айтты.

2 / 10

Бір аптадан кейін 2004 жылы 11 наурызда Испанияның Мадрид қаласында жасалған терактілерге тағы бір жыл толады. Бұл қайғылы оқиға парламенттік сайлауға үш күн қалғанда болып, ел тарихындағы ең ірі теракті ретінде тіркелді. Қала маңына қатынайтын төрт электр пойызының жарылуы салдарынан екі жүзге жуық адам қаза тауып, екі мыңға жуық адам жарақат алды.

3 / 10

Ал бұл пойыз апаты жақында болды. 2023 жылы 3 ақпанда Огайо мен Пенсильвания штаттарының шекарасында өте улы химикаттар тиелген жүк пойызы рельстен шығып кетті. Вагондардың зақымдануы салдарынан ауаға, суға және топыраққа өте улы химикаттар тарады.

4 / 10

Түрлі оқиғалардың кездейсоқтығы Пералия ауылы маңында (Шри-Ланканың оңтүстік провинциясы) жантүршігерлік теміржол апатына әкелді. Ол 2004 жылы 26 желтоқсанда болды. Сол күні Үнді мұхитында күшті жер сілкінісі тіркелді. Бірнеше сағаттан кейін жағалаумен келе жатқан пойыз бағдаршамның тыйым салынған белгісіне сәйкес тоқтады. Іші адамға лық толған пойыз судан екі жүз метрге жуық жерде тоқтап тұрды. Ал жолаушылар төнген қауіптен бейхабар болатын. Биіктігі 9 метрлік қуатты цунамидің бірінші толқыны пойызды басып қалғанда, оның соққысы вагондарды рельстен шығарып жіберді. Он бес минуттан кейін биіктігі шамамен 7 метрге жететін екінші толқын соқты. Салмағы ондаған тонна болатын вагондар суға толып, джунглиге қарай жүзіп кетсе, екеуі мұхитқа ағып кетті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл оқиға екі мыңға жуық адамның өмірін қиған.

5 / 10

2013 жылдың 24 шілдесінде Сантьяго-де-Компостелада пойыз рельстен шығып кетті. Пойызда болған 222 адамның 79-ы қаза тауып, 140-қа жуығы жарақат алған.

6 / 10

2005 жылы 25 сәуірде Жапонияның Амагасаки қаласында жүрдек пойыздың жеті вагонының бесеуі рельстен шығып кетті. Пойыздың бірінші вагоны қатты жылдамдықпен 9 қабатты тұрғын үйге соғылды. 108 адам қаза тауып, 450-ден астам адам жарақат алды.

7 / 10

2016 жылдың 20 қарашасына қараған түні Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Апат кезінде жолаушылардың көбісі ұйықтап жатқан. 100-ден астам адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды.

8 / 10

2005 жылы 13 шілдеде Синд провинциясындағы (Пәкістан) Готки станциясында пойыз рельсте тұрған пойызға соқтығысты. Рельстен шығып кеткен вагондар көрші жолды жауып, оларға өтіп бара жатқан жүрдек пойыз соғылды. 300-ге жуық адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланды.

9 / 10

Қытайда 2011 жылдың 23 шілдесінде пойыздар жүріп жатқан виадуктен алты вагон рельстен шығып, тағы төрт вагон 20-30 метр биіктіктен құлап кетті.

10 / 10

2013 жылы 6 шілдеде Канаданың Квебек провинциясының Шығыс кантондарында орналасқан Лак-Мегантик қаласында мұнай құйылған пойыз тіркемелері жарылды. 42 адам қаза тауып, тағы 5 адам із-түзсіз жоғалып кетті.