АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды.
Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 6 наурызда сот қаулысымен сотқа дейінгі органның талап-арызы қанағаттандырылды.
"Жұмагелдиевті қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 2023 жылғы 7 сәуірге дейін қамауда ұстау мерзімін ұзарту санкцияланды", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салсақ, Арман Жұмагелдиев қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және қару-жарақты заңсыз сақтады деп айыпталып отыр.
Бас прокуратураның ақпаратынша, Дикий Арман қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК-дағы куратордың үйлестіруімен әрекет еткен.