АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстанда үкімет қаулысымен жекешелендіру тізімінен бірнеше нысан алынып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, жекешелендіру тізімінен алты нысан алынды. Соның ішінде ғылым және жоғары білім министрілігі, Алматы, Атырау және Түркістан облыстарының әкімдіктері, сондай-ақ "Astana" мен "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына қарасты нысандар бар. Олар:
КИМЭП университеті;
Алматы қаласының салттық қызметтер мамандырылған комбинаты;
Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы;
"Turkistan" индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясы;
"Астана" арнайы қызмет көрсету бюросы" ЖШС;
"Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС.
Үкімет қаулысымен жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері тізіміне енгізудің өлшемшарттарына да өзгеріс енгізілді.