АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Сауд Арабиясында екі адамға кесілген өлім жазасы орындалды. Біреуі педофилия үшін сотталса, екіншісі адам өлтіргені үшін жазаға тартылды, деп хабарлады осы елдің ішкі істер министрлігі Twitter парақшасында.
Омар әл-Баракати кәмелет жасқа толмаған ұлдарды ұрлап, сексуалдық зорлық жасаған.
"Қылмыстық сот оны өлім жазасын кесті. Үкімді апелляциялық және жоғарғы сот бекітті. әл-Баракатиге қатысты жаза сенбі күні Джидда қаласында орындалды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, Джидда қаласындағы алаңда Мұхаммед Файдиге қатысты үкім іске асырылды. Ол бірнеше қылмыс үшін айыпталған болатын. Соның ішінде қауіпсіздік қызметінің маманын өлтіру фактісі де бар. Сондай-ақ мұнай нысанын өртегені, діни көзқарасына байланысты шабуыл жасау үшін қару-жарақты сатып алғаны және сақтағаны дәлелденді.
Айта кетері, Сауд Арабиясында өлім жазасы, көбінесе, басты шабу арқылы орындалады. Оны алаңда көпшіліктің көзінше жасайды.