Атырау мұнай өңдеу зауытында ауыр жарақат алған жұмысшы қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында мердігерлік компанияның жұмысшысы ауыр жарақат алды. Ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан зауыттың ресми сайтына сілтеме жасап.
3 наурызда механикалық тазарту қондырғыларының құрылыс алаңында жүк көтергіш техникасы маневр жасаған. Сол кезде мердігерлік компанияның жұмысшысы ауыр жарақат алды.
"Қосалқы мердігер компанияның зардап шеккен жұмысшысы тез арада облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жеткізіліп, кейін алған жарақаттар салдарынан көз жұмды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.