АЛМАТЫ, 5 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында екі ер адам әйелді күштеп наркологиялық орталыққа апарған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
37 жастағы әйелдің үйіне үйіне баса-көктеп кірген екі ер адам оны наркологиялық орталыққа күштеп апарған. Екі күн бойы белгісіз уколдар салып, есігі құлыптаулы бөлмеге қамап тастаған. Әйел бірде-бір сұрағына жауап ала алмаған. Тек екі күннен кейін ғана оны анасы шығарып алады.
Полицияның айтуынша, қызын орталыққа жеткізген адамды жалдаған анасы болып шықты.
"Бұл факт, яғни жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқықбұзушылық "Адам ұрлау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді. Тергеу кезінде әйелдің анасы қызын мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру үшін медициналық мекемеге жеткізу мақсатында екі ер адамды жалдағаны анықталды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.