АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Рудный қаласында мас адам өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндірді.
Ол өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытқан. Оны құрықтауға келген полиция қызметкерлеріне де сес көрсетті.
Полиция қызметкерлері бұзақыны залалсыздандырды. Қазіргі уақытта ол медициналық айықтырғышқа орналастырылды.
Ұсақ бұзақылық бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік материалдар жиналды.