Қазақстанға жасырынып жүрген қаржы пирамидасының жетекшісі жеткізілді

Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Украинада жасырынып жүрген қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ұсталған әйел 2017-2018 жылдары тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп, қазақстандықтардан 85 миллион жинаған. Бірақ баспана берілген жоқ. Ал қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы шетелге қашып кетті.
Биыл қаңтар айында күдікті Украина жерінде ұсталды.
"Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен азаматша "К"-ны біздің елімізге экстрадициялады", - дейді прокурорлар.
Қазіргі кезде күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Осы қылмыс үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.