Ақтөбе облысында Өзбекстанның 4 азаматы жол апатынан қаза тапты

Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің телеграм каналы.

4 наурыз күні Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы – Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.